Илон Маск әлемдегі алғашқы триллионер атанды

Илон Масктің байлығы тағы еселенді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Әлеуметтік желі мен кейбір ақпарат көздерінде Илон Маск SpaceX компаниясының IPO нәтижесінде әлемдегі алғашқы триллионер атанғаны туралы мәлімет жарияланды.

Хабарларға сәйкес, SpaceX IPO барысында шамамен 75 млрд доллар инвестиция тартқан. Соның нәтижесінде кәсіпкердің жалпы байлығы 1,1 трлн долларға (шамамен 535,4 трлн теңге) жеткені айтылады.

Бұған дейін оның жеке капиталы шамамен 780 млрд доллар деңгейінде бағаланған. IPO-дан кейін бұл көрсеткіш 866 млрд долларға дейін өсті деген деректер де келтірілген.

Айта кетейік, Илон Маск активтері тек SpaceX-пен шектелмейді. Оның иелігінде Tesla, X, Neuralink және The Boring Company сияқты жобалар бар.

Ұқсас ақпараттар