Трамп Иранмен жақын арада келісім жасалатынын айтты

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға жоспарланған әскери соққыларды тоқтатқанын хабарлады. Ол Тегеранмен келіссөздерде ілгерілеу бар деп отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Сөзінше, келісімнің негізгі тармақтары АҚШ-пен қатар Израиль, Сауд Арабиясы, БАӘ, Қатар, Түркия, Пәкістан, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Мысыр және басқа да мүдделі тараптармен келісілген. Ормуз бұғазындағы теңіз блокадасы бітімге толық қол жеткізілгенге дейін сақталмақ. Келісімге қол қоюдың нақты уақыты мен орны жақын күндері жарияланатыны да айтылды.

AFP агенттігінің хабарлауынша, журналистермен сөйлескен Трамп Иранмен жасалатын келісімге осы демалыс күндері Еуропада қол қойылуы мүмкін екенін де жоққа шығармады. Алайда Ақ үй басшысы бұл шараға өзі қатыса алмаймын деп отыр. 14 маусымда өзінің 80 жасын атап өтетіндіктен, ықтимал келісімге қол қою рәсіміне вице-президент Джей Ди Вэнс қатыспақ.

Десек те, Тегеран бұл бойынша әлі түпкілікті шешім қабылдамағанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар