Екі ел басшысы келіссөз өткізіп, көрші мемлекеттер арасындағы көпжылдық достыққа берік екендерін растады және екіжақты қатынастарды одан әрі дамытуға уағдаласты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.
Си Цзиньпин Қытай мен КХДР халықаралық және өңірлік істерде стратегиялық өзара іс-қимылды нығайтып, екі елдің ортақ мүдделерін қорғауы қажет екенін мәлімдеді.
Ким Чен Ын да КХДР Қытаймен бірге екі партия мен екі мемлекет арасындағы барлық деңгейдегі алмасуды күшейтуге дайын екенін атап өтті. Сонымен қатар, ол партия құрылысы мен экономикалық даму сияқты бағыттарда тәжірибе алмасудың маңыздылығын айтты. Оның сөзінше, КХДР Қытаймен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, жаңа нәтижелерге қол жеткізуге ниетті.
Сапар 8–9 маусым күндеріне жоспарланған.

