1,5 мың салымшы тартқан «CVK» қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қазіргі уақытта 14 өңірде сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
Жоба өзін маркетплейс ретінде таныстырып, қатысушыларға түрлі инвестициялық «дүкен» пакеттерін сатып алуды ұсынған.
Қатысушыларға жаңа салымшыларды тартқаны үшін ақшалай бонустар уәде етілген.
Қаражатты шығару криптовалюталық платформа арқылы жүзеге асырылып, кейін банктік шоттарға аударылған.
Агенттік 474 мың доллар көлеміндегі криптоактивтерге тыйым салды.


