Депутат Жарқынбек Амантайұлы маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Жарқынбек Амантайұлы соңғы қоңырау күні көрініс тапқан даңғазалықты айтып, вице-премьер Аида Балаеваға сауал жолдады,
Ол мектеп бітіру кештеріндегі алып гүл шоқтарын оқушылар арасындағы «жарысқа» теңеді.
«Кейбір ата-ана баласы қатарынан қалмас үшін қарыз алуға, бөліп төлеуге немесе сыйлық алуға мәжбүр екенін ашық айтады», — дейді мәжілісмен.
Ол мектеп бітіру кештерін өткізудің бірыңғай стандартын әзірлеуді және ысырапшылыққа тыйым салуды ұсынды.


