«Таза Қазақстан»: Екі жыл ішінде 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды

Екі жыл ішінде 2 млн тонна қоқыс жиналып, 5,5 млн ағаш отырғызылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші өзінің Telegram парақшасында жазды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Жазбадағы мәліметке сәйкес, екі жыл ішінде «Таза Қазақстан» жобасы аясында ел бойынша шамамен 6,5 миллион адамның қатысуымен 1,5 мың экологиялық іс-шара өткізілген. Жобаға жастар белсенді қатысқан. Белсенді азаматтардың ұйытқы болуымен 2 миллион тонна қоқыс жиналып, шамамен 5,5 миллион ағаш отырғызылған. Сонымен қатар елімізге келген мемлекет басшыларының, танымал өнер қайраткерлері мен спортшылардың «Таза Қазақстан» жобасын қолдап, ағаш отырғызуы игі дәстүрге айналған.

Сондай-ақ Мемлекеттік кеңесші жоба арқылы Қазақстан қоғамдық бірлікті күрделі әрі абстрактілі идеологиялық тұжырымдамалар төңірегінде емес, баршаға түсінікті қарапайым әрі әмбебап құндылықтар негізінде қалыптастыруға болатынын айқын көрсетіп, жаңа үрдістің негізін қалап жатқанын жазған.

«Мәселен, жуырда Парламентте саяси партиялардың барлығы өз бағдарламалары мен жарғыларына «Таза Қазақстан» қағидаттарын енгізуі қажет екені туралы ұсыныс айтылды. Түптеп келгенде, бұл – идеологиялық жаңғырудың іргетасы.

Осылайша, «Таза Қазақстан» жобасы кең қоғамдық қолдауға ие болып қана қоймай, біртіндеп күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне де айналып келеді», — дейді ол.

Ұқсас ақпараттар