Алматыда океанариум, амфитеатр және су арнасы бар кешен салынады

Алматы қаласында көпфункционалды жаңа демалыс аймағы — Almaty Water Garden кешенін салу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Жоба Алатау ауданында, Бауыржан Момышұлы мен Саин көшелерінің аралығында орналасады.

Кешеннің негізгі ерекшелігі — серуендеуге арналған жағалаулар, демалыс аймақтары және көгалдандырылған қоғамдық кеңістіктері бар ұзын су арнасы болмақ.

Сонымен қатар мұнда саябақ аймағы, фудкорттар, концерттер мен фестивальдер өткізуге арналған ашық амфитеатр және түрлі сауда-қызмет көрсету нысандары қарастырылған.

Отбасылық демалысқа арналған балалар орталығы, океанариум және көбелектер музейі де жобаның құрамына енеді.

Жобаны жүзеге асыру 2026–2027 жылдарға жоспарланып отыр.

Ұқсас ақпараттар