Зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа шектері 10 күннің ішінде белгілі болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев үкіметте өткен брифингте айтты.
Бұған дейін үкімет зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдаланудың жаңа ережесін бекіткен болатын.
Министрдің айтуынша, үкімет ережені бекітті. Ал бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры барлық есеп-қисапты жүргізеді.
Адамның жасына қарай есептелген жаңа шектерді де қордың өзі жариялайды, деді министр. Айта кетері, есепшоттағы сома болжамды инфляция деңгейінен 5 пайыздық пунктке де жоғары болуы шарт.

