Маусым айында Ұлттық қордан 200-300 млн доллар валюта сатылмақ

Ұлттық қордан осы айда 200-300 млн доллар валюта сатылады, деп хабарлайды  Sayasatlive.kz  порталы.

Ұлттық Банк маусым айында республикалық бюджетке трансферттер бөлу үшін Ұлттық қордан 200 млн доллардан 300 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатуды жоспарлап отыр. Мамыр айында Ұлттық қордан 500 млн доллар көлемінде валюта сатылды. Бұл ретте Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 7,5%-ын немесе күніне шамамен 29,4 млн доллар көрсетті.

Өткен айда «айналау» операциялары аясында шамамен 354 млрд теңге алынды. Маусымда осы мақсатта 354 млрд теңге баламасында валюта сатылады деп күтіледі.

Ұқсас ақпараттар