Тоқаев Гонконг арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді

Тоқаев бүгін маңызды кездесу өткізді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz  порталы.

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Қытай Халық Республикасы Гонконг Арнаулы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Қазақстанға алғаш рет келіп отырғандықтан бұл сапардың маңызы айрықша екенін айтты.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға салмақты бизнес-делегациямен бірге келгені үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдірді. Бұл Гонконг іскерлік қауымдастығының елімізбен ынтымақтастықты арттыруға үлкен қызығушылық танытып отырғанын байқатады.

Джон Ли қонақжайлық көрсеткені үшін Президентке алғыс айтып, Гонконгтың Қазақстанмен кешенді ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін растады.

Ұқсас ақпараттар