Қазақстандық банктер енді борышкерлерге шексіз қоңырау шала алмайды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Жұмыс күндері оларға сағат 8:00-ден 21:00-ге дейін ең көбі үш рет қоңырау шалуға рұқсат етіледі.
Демалыс және мереке күндері оларға уақыт шектеуімен ең көбі екі рет қоңырау шалуға болады.
Әңгіме барысында қызметкер өзін таныстырып, банктің атын атап, негізгі қарызды, пайыздарды, айыппұлдарды егжей-тегжейлі түсіндіруі керек.
Сондай-ақ банктерге тұтынушыларға психологиялық қысым жасауға тыйым салынады.


