«Алтын Дала» резерватында керқұландар табиғатқа жіберілетін болды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Айғыр Галван Қазақстанға Прага қаласынан, ал Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен төрт бие жеткізілген болатын.
Бір жыл бойы керқұландар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп, даладағы дербес тіршілікке дайындалды.
“Керқұландарды табиғатқа жіберу осы сирек түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару бағдарламасын іске асырудағы маңызды кезең”, — дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігі.


