Прокуратура Алматы облысында мыңнан астам балаға ыстық тамақ берілмегенін анықтады

Алматы облысында мыңнан астам балаға ыстық тамақ берілмеген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Алматы облысының прокуратурасының тексеруі барысында 70-тен астам мектепте атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардан шыққан 1 101 бала тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілмегені белгілі болды.

Заңбұзушылықтар Еңбекшіқазақ, Талғар, Жамбыл, Ұйғыр, Қарасай аудандары мен Қонаев қаласындағы мектептерде анықталған.

Прокурорлық қадағалау актілерінен кейін барлық оқушы ыстық тамақпен қамтылып, кінәлі лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылды.

Ұқсас ақпараттар