Иран мен АҚШ арасында ақпараттық соғыс жалғасып жатыр

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) Бушер маңында америкалық MQ-9 Reaper дроны атып түсірілгенін мәлімдеді. Иран тарабының айтуынша, дрон зениттік зымыран арқылы жойылған, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Алайда АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) бұл ақпаратты жоққа шығарды. Америкалық әскерилер «АҚШ-тың бірде-бір әуе аппараты атып түсірілген жоқ» деп мәлімдеді.

Қазір екі тараптың мәлімдемелері бір-біріне қарама-қайшы болып тұр. Кейінгі апталарда Иран бірнеше рет америкалық дрондар мен ұшақтарды «жойдық» деп хабарлаған, бірақ Вашингтон мұндай ақпараттарды үнемі терістеп келеді.

Ұқсас ақпараттар