Мемлекеттік ауруханалардың медицина қызметкерлерін оқыту үшін Еуропалық одақтың жетекші халықаралық мамандары Атырау облысына келеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kzпорталы.
Біліктілікті арттыру бағдарламасы барлық ультрадыбыстық диагностика дәрігерлерін, сондай-ақ акушер-гинекологтар мен неонатологтарды қамтиды. «AYALA Академиясы» жобасы «Теңізшевройл» компаниясының Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, AYALA қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен және Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өткізілуде.
2026 жыл бойы Атырау қаласында пренаталдық ультрадыбыстық диагностика, жаңа туған нәрестелердің ультрадыбыстық диагностикасы, сондай-ақ акушерия және гинекологиядағы күрделі жағдайлар бойынша үш бес күндік шеберлік сабағы өткізіледі.


