Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтуде, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Еуразиялық экономикалық одақ — Қазақстан үшін жаңа мүмкіндіктер алаңы. Бірақ бұл еліміздің сыртқы саясаттағы жалғыз бағыты емес.

Астана көпвекторлы прагматизм ұстанымын сақтай отырып, ЕАЭО-ны саяси емес, экономикалық және технологиялық кооперация алаңы ретінде дамытуға мүдделі.