Қазақстанның үш қаласында пилотсыз такси іске қосылады

Еліміздегі үш қалада пилотсыз такси іске қосылады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Бұл жөнінде Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді.

Оның сөзінше, жоба Yandex және inDrive компанияларымен бірлесіп атқарылады.

-Қазір қажетті реттеуші базаны әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Ол алдағы уақытта технологияны елдің өзге қалаларына енгізуге мүмкіндік береді, — деді Жаслан Мәдиев.

Пилоттық жоба үш қалада – Астанада, Алматыда және Қосшыда іске қосылады.

Жүргізушісіз такси жүйесін тестілеу 2026 жылдың соңына дейін жалғасады.

Ұқсас ақпараттар