Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ-тың әскери әуе базасына соққы жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Tasnim агенттігі келтірген ИРСК (КСИР) хабарлауынша, бүгін таңертең АҚШ әскері Бендер-Аббас әуежайы маңындағы нысанға әуеден шабуыл жасаған. Бұған жауап ретінде «шабуылдың бастауы болған» америкалық әуе базасы жергілікті уақытпен 04:50-де нысанаға алынған.
Ресми мәлімдемеде:
«Бұл — жауға берілген қатаң ескерту. Кез келген шабуыл жауапсыз қалмайды. Егер қайталанса, жауабымыз бұдан да қатаң болады», — делінген.
Сонымен қатар ИРСК салдар үшін жауапкершілік «агрессор тараптың мойнында» екенін атап өтті.


