Ресей президенті мемлекеттік сапармен Қазақстанға келді, деп хабарлайды Sayasatlive.kzпорталы.
Ресей көшбасшысының келуіне орай құрметті қарауыл сапқа тұрғызылды, ал Ресей Президентінің ұшағы мемлекеттік шекарадан өткен кезде жанында Қазақстан Әуе қорғанысы күштерінің жойғыш ұшақтары ілесе жүрді.
Владимир Путин құрамында 30-дан астам адам бар үлкен делегациямен келді, олардың арасында министрлер мен ірі компаниялардың басшылары да бар.
Қонақтар үшін салтанатты қарсы алу ұйымдастырылды: әуежайда қазақ және орыс халық әндері шырқалды. Сондай-ақ ұшу-қону жолағының үстінен Қазақстан мен Ресейдің тулары бейнеленген тікұшақтар ұшып өтті.


