1 маусымнан бастап Ресейде «Тауарды күтуді растау жүйесі» енгізіледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, тауарларды автокөлікпен әкелгенде Ресейдегі тауарды алушы алдын ала болашақ жеткізілім туралы құжат рәсімдеп, QR код алуы қажет.
QR код жүргізушінің қолында болуы тиіс және бақылаушы органдардың талабы бойынша көрсетіледі.
Расталған QR-код болмаса Ресейге кіруге рұқсат берілмейді және көлік құралы кері қайтарылады.

