Қазақстанда екі университет лицензиясынан айырылмақ

Қазақстанда екі университет лицензиясынан айырылмақ. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Оның айтуынша, соңғы жылдары үш университеттің лицензиясы қайтарылған.

«Тағы бірнеше университет бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Қазір екі университетке қатысты тиісті жұмыс атқарылуда», – деді министр.

Министр нақты қандай жоғары оқу орындары жабылатынын атаудан бас тартты. Ол ақпарат толық шешім қабылданған соң жарияланатынын ескертті.

Ұқсас ақпараттар