Мемлекет басшысы МАГАТЭ Бас директоры Рафаэль Гроссиді қабылдады

Кездесуде Қазақстанның Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікпен ықпалдастық перспективасы, сондай-ақ ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласы бойынша жаһандық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Бас директор Қазақстанның әлемдегі ядролық қауіпсіздікті және жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту бағытындағы іс-қимылына жоғары баға берді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдегі абырой-беделіне, ядролық қауіпсіздікті, диалог пен көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуде дәйекті рөл атқарып келе жатқанына тоқталды.

Ұқсас ақпараттар