Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kzпорталы.
«Ата-аналар мен ұстаздар тарапынан ТЖБ, БЖБ-ға қатысты көптеген сын-пікірлер айтылды. Біз критериалды бағалау жүйесін қайтадан зерделеп жатырмыз. Қазір Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитеті 1 сыныптан 11 сыныпқа дейін 16 пәннің аясында тек қана 2025-2026 жылы өткізілген ТЖБ, БЖБ-ның талдау жұмыстарын өткізді. «Күнделік», «BilimClass» секілді жүйелерде кейбір ТЖБ, БЖБ-ның тақырыптары, тапсырмалары енгізілмейді екен. Сондықтан осы мәселені қарастыру үшін біз стандартқа тілдік пәндерге диктантты, мазмұндаманы, шығарманы қайтару мәселесін қолға алып жатырмыз», – деді ведомство басшысы Үкімет отырысынан кейінгі брифингте.
Оның айтуынша, балалардың оқу мен жазу сауатын дамытуға байланысты тиісті шешім қабылданды. Көптеген ұстаздар мен ата-аналар диктант, шығарма, мазмұндаманы қайтаруды қолдап отыр.


