Премьер-министр Олжас Бектенов жазғы демалыс маусымы қарсаңында балалардың демалыс және сауықтыру орталықтарын толық дайындауды міндеттеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Үкімет отырысында ол өңір әкімдіктеріне, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктеріне апта соңына дейін барлық лагерьдің дайындығын аяқтауды тапсырды.
Премьердің айтуынша, балалар демалатын орындар санитарлық, өрт қауіпсіздігі және терроризмге қарсы талаптарға толық сәйкес болуы керек.
Сондай-ақ Олжас Бектенов тағам сапасын, медициналық қызмет көрсетуді,
инженерлік инфрақұрылым жағдайын, кадрлық қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.


