Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстанға ресми сапармен келген Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысы Тұрақты комитетінің төрағасы Чжао Лэцзимен кездесті, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Мәжіліс спикері Шаньси өлкесіндегі көмір шахтасында болған газ жарылысы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты қытайлық әріптесіне және барша Қытай халқына көңіл айтты, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.

Мәртебелі мейманды қарсы алған Ерлан Қошанов бұл сапардың тарихи маңыздылығын атап өтіп, Қытай Қазақстанның тату көршісі әрі сенімді серіктесі екеніне тоқталды. Ерлан Қошанов Қазақстан мен Қытай парламенттері екі ел көшбасшылары айқындап берген бағдар бойынша сенімді серіктестікті одан әрі дамыту үшін бар күш-жігерін салып жатқанын атап өтті.

Мәжіліс төрағасы қытайлық әріптесіне елімізде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Әділетті және Прогрессивті Қазақстан құру жолында кезең-кезеңімен іске асып жатқан ауқымды реформалар туралы айтып берді. Ерлан Қошанов заң шығару жұмысына тоқталып, 2026 жыл Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланғанына мән берді. Бұл ретте Қазақстан депутаттары әлемдегі ең ірі цифрлық державаның бірі саналатын Қытаймен осы бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға қызушылық танытып отыр.

Ұқсас ақпараттар