Мажарстанның жаңа премьері шенеуніктердің жалақысын қысқартатынын мәлімдеді

Мажарстанның жаңа премьер-министрі Петер Мадьяр мемлекеттік шығындарды азайту үшін шенеуніктердің жалақысын қысқартуды ұсынды. Оның айтуынша, өзгеріс премьер-министрге, министрлерге, депутаттарға және қала әкімдеріне қатысты болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Мадьяр үкімет басшысы ретінде айына 2,3 миллион форинт жалақы алатынын, ал депутаттық табысымен қоса жалпы кірісі 3,8 миллион форинтке жететінін айтты. Ол бұрынғы премьер-министр Виктор Орван кезеңінде бұл көрсеткіш екі есе жоғары болғанын атап өтті.

Саясаткердің сөзінше, депутаттардың жалақысын қысқарту арқылы төрт жыл ішінде ел бюджетіне айтарлықтай қаржы үнемдеуге мүмкіндік бар. Сонымен қатар, парламент мүшелеріне төленетін қосымша өтемақылар да азайтылмақ.

Қазір депутаттарға көлік, тұрғын үй жалдау және көмекшілерінің жалақысына ай сайын 7 миллион форинтке дейін өтемақы беріледі. Жаңа жоспар бойынша бұл соманың шегі 5 миллион форинтке дейін төмендетіледі.

Ұқсас ақпараттар