Қазақстанда құтқарушыларға арналған алғашқы resort-кешен салынып жатыр

Каспий теңізінің жағалауында құтқарушыларға арналған алғашқы resort-кешен салынып жатыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

ТЖД қызметкерлері мен олардың отбасына арналған «112 Resort Aktau» кешенінің құрылысы жүріп жатыр.

Бірінші кезеңде әкімшілік блок, капсулалық үйлер, бассейндер, спорт алаңдары және серуендеу аймақтары пайда болады. Кейін қонақ үй, SPA-орталық, теннис корты, пирс және дәмхана салынады.

«Құтқарушылар тәулік бойы қызмет атқарып, күрделі жағдайда жұмыс істейді. Олардың толыққанды қалпына келіп, жақындарымен уақыт өткізуіне мүмкіндік болуы тиіс», — дейді министр Шыңғыс Әрінов.

Ұқсас ақпараттар