28 мамыр күні қала аспанында жойғыш ұшақтардың көрсетілімдік ұшуы өтеді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Осыған байланысты 24 мамырдан бастап әскери авиацияның оқу-жаттығу ұшулары басталады.
Жаттығулар қала тұрғындарының қалыпты тыныс-тіршілігіне кедергі келтірмейді.
«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан жаттығулар мен көрсетілімдік ұшу кезеңінде туындауы мүмкін қысқа мерзімді шу деңгейінің жоғарылауына түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген мәлімдемеде.

