Ұлттық Банк қазақстандықтардың несие алуына шектеу қоймақ

Қазақстан Ұлттық Банкі 2027 жылдан бастап азаматтардың жалпы қарыз көлеміне шектеу қоюды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Жаңа тәртіп бойынша банктер енді тек ай сайынғы төлемге емес, адамның барлық несиесіне — ипотека, автонесие, бөліп төлеу мен микрокредиттеріне бірге қарайды.

Ұсынысқа сәйкес, қазақстандықтың жалпы қарызы жылдық табысының сегіз есесінен аспауы керек. Орташа жалақы алатын адам үшін бұл шамамен 44 миллион теңге, ал медианалық табыс бойынша 32 миллион теңгеге жуық болады. Бұған бұрыннан бар несиелер де есептеледі.

Жаңа талап әсіресе бірнеше несиесі бар азаматтарға әсер етуі мүмкін. Егер адамның қарыз жүктемесі жоғары болса, жаңа несие рәсімдеу қиындай түспек.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай өзгеріс “қазір ал — кейін төле” жүйесінің қарқынын бәсеңдетуі ықтимал.

Ұқсас ақпараттар