Путин ядролық күштердің басты міндетін атады

Ресей президенті Владимир Путин Ресей мен Беларусьтің бірлескен ядролық оқу-жаттығуларына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Оның айтуынша, қазіргі әлемдегі шиеленіс пен қауіп-қатердің күшеюі жағдайында ядролық үштік Ресей мен Беларусь Одақтық мемлекетінің егемендігі мен қауіпсіздігінің сенімді кепілі болуы керек.

Путин стратегиялық тежеу жүйесінің маңызын атап өтіп, ядролық тепе-теңдік пен жаһандық күштер балансын сақтау негізгі міндеттердің бірі екенін айтты.

19–21 мамыр аралығында Ресей мен Беларусь ядролық күштерді дайындау және қолдану бойынша бірлескен әскери оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Бұл маневрлер Батыс елдерінің алаңдаушылығын тудырған.

Ал Беларусь Қорғаныс министрлігі оқу-жаттығулардың жоспарлы түрде өтіп жатқанын және олардың басқа мемлекеттерге қарсы бағытталмағанын мәлімдеді.

Ұқсас ақпараттар