Беларусь Украина майданына әскер жібермейді – Лукашенко

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украинадағы соғысқа Минсктің тікелей араласпайтынын айтты, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Оның сөзінше, Беларусь тек өз еліне қауіп төнген жағдайда ғана әскери қадамға барады.

«Егер бізге қарсы агрессия жасалмаса, соғысқа қатысу жоспарда жоқ. Қазір оған ешқандай қажеттілік көріп тұрған жоқпыз», — деді Лукашенко.

Сонымен бірге ол Беларусь пен Ресейдің ортақ қорғаныс кеңістігін атап өтіп, «Бресттен Владивостокқа дейінгі аумақты бірге қорғаймыз» деп мәлімдеді. Сондай-ақ Лукашенко Зеленскиймен кездесу өткізуге дайын екенін айтып, келіссөздің Украинада да, Беларусь аумағында да өтуі мүмкін екенін жеткізді.

Айта кетейік, қазір Ресей мен Беларусь бірлескен ядролық оқу-жаттығу өткізіп жатыр. Осы жағдайдан кейін Батыс елдері Минск Мәскеудің әскери қимылдарына тікелей қосылуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген.

Ұқсас ақпараттар