10 минуттық шаруаға 17 мың: депутат нотариус тарифін сынға алды

Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев еліміздегі нотариус қызметтерінің бағасы халыққа тым қымбат екенін айтты. Оның сөзінше, көптеген құжат бірнеше минутта рәсімделгенімен, азаматтар одан кейін ондаған мың теңге төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Sayasatlive порталы.

Депутат көлік жүргізуге арналған сенімхаттың құны 17 300 теңге екенін мысалға келтірді. Айтуынша, мұндай құжатты рәсімдеуге шамамен 10 минут қана уақыт кетеді. Сонымен қатар ол аудармашылардың еңбекақысымен салыстырып, бір парақ мәтінді аударуға жарты сағат жұмсалса да, оның бағасы әлдеқайда арзан екенін атап өтті.

Сондай-ақ ипотекаға байланысты сатып алу-сату келісімшартын рәсімдеу де 17 300 теңге тұратынын айтты. Ал қарапайым келісімшарттардың кейбірі 51 900 теңгеге дейін жетеді.

Анас Баққожаев цифрландырудан кейін нотариустардың жұмысы жеңілдегенімен, қызмет бағасы өзгермегенін сынға алды. Ол нотариустар саны мен тариф саясатын қайта қарау қажет екенін жеткізді.

Ұқсас ақпараттар