ЕАЭО-да жүк тасымалы өзгереді: жаңа ереже күшіне енді

Еуразиялық экономикалық одақ елдері ауыр жүк көліктеріне қатысты ортақ стандарттарды бекітті. Енді халықаралық бағыттарда жүретін фуралар үшін салмақ пен габарит талаптары бірыңғай тәртіппен реттеледі, деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.

Бұған дейін әр мемлекетте талап әртүрлі болғандықтан, тасымалдаушылар жолда жүктің бір бөлігін қайта тиеуге немесе арнайы рұқсат рәсімдеуге мәжбүр еді. Бұл уақыт пен қосымша шығынға әкелетін.

Жаңа келісімнің арқасында ЕАЭО аумағындағы логистика процесі жеңілдеп, жүк жеткізу жылдамдай түседі. Кәсіпкерлер үшін құжат рәсімдеу азайып, халықаралық тасымал тиімдірек болмақ.

Ұқсас ақпараттар