Солтүстік Қазақстан облысында ауыл әкімі өзіне қол салып қайтыс болды деп хабарлайды Sayasatlive.kz порталы.
Ерлан Смаилов биыл ғана әкім қызметіне кіріскен еді. Алайда арада бірнеше ай өткенде оның қазасы туралы суыт хабар тарады.
СуретАлдын ала мәлімет бойынша, Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданына қарасты Май ауылдық округінің әкімі өзіне қол жұмсаған.
Ерлан Смаилов бұл қызметке 2026 жылғы 17 ақпанда тағайындалған. Оған дейін “Майское-Агро” ЖШС директорының орынбасары болып еңбек еткен.
Қайғылы оқиға 18 мамыр күні болған. Қазір оқиғаның нақты себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
