Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Еліміздің бірқатар аймағында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды sayasatlive.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына қарағанда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, сондай-ақ Жамбыл облысының таулы аудандары мен Жетісу облысында жаңбыр жауады.

Сонымен қатар бірнеше өңірде қатты жел соғады деп болжанып отыр. Нақтырақ айтсақ, Қызылорда облысының солтүстігінде, Түркістан облысының солтүстік-батысы мен Қаратау тауларында, Ұлытау облысының оңтүстік-батысында, Ақтөбе облысының басым бөлігінде, Атырау облысының шығысы мен орталығында желдің екпіні секундына 21-24 метрге дейін күшеюі мүмкін. Ал таңертең Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түседі.

Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды. Ауа райы нашарлаған кезде алыс жолға шықпай, ресми хабарламаларды қадағалап отыру ұсынылады.

Ұқсас ақпараттар