Қазақстанның бірқатар облысы мен Алматы қаласында қолайсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды sayasatlive.kz «Қазгидромет» болжамына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Павлодар, Қостанай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында жаңбыр жауады. Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Абай және Ақмола облыстарында кей уақыттарда жауын-шашын болады деп болжануда.
Ал Алматы, Жамбыл, Жетісу, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында жаңбыр аралас қар күтіледі.
Сонымен қатар Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді.
Қостанай, Қарағанды, Жетісу, Алматы және Жамбыл облыстарының кей жерлерін тұман басады.

