Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін атқарып келген қызметінен босатылды деп хабарлайды sayasatlive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Білімі бойынша экономист әрі заңгер. Еңбек жолын мұнай саласында сарапшы болып бастап, кейін ұзақ жылдар бойы жеке секторда басшылық қызметтер атқарған.

Мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі мол. Ол әр жылдары Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы болды. Сондай-ақ Шиелі ауданы мен Қызылорда қаласын басқарды. Үкімет құрамына келмей тұрып, Премьер-Министр Кеңсесінде бөлім меңгерушісі қызметін атқарып, өңірлік саясатпен айналысқан.

2022 жылдың сәуір айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысының әкімі болып жұмыс істеді. Елдегі атқарушы биліктің жоғарғы буынына дейін көтерілген шенеунік «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.

Ұқсас ақпараттар