Мемлекет басшысының Жарлығымен Роман Скляр Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды деп хабарлайды sayasatlive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Роман Васильевич бұған дейін атқарған лауазымынан босатылып, жаңа жауапты қызметке кірісті. Сонымен қатар Президенттің тағы бір Жарлығымен Айбек Дәдебай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымынан босатылды.
Еске салайық, Айбек Дәдебай бұл қызметті 2024 жылдың ақпан айынан бастап атқарып келген болатын.
