Қазақстанда 2025 жылы өткен жылмен салыстырғанда азық-түлік өнімдерінің барлық негізгі тобы бойынша тұтыну көрсеткіші өскен. Бұл туралы sayasatlive.kz Ұлттық статистика бюросының жүргізген іріктемелі зерттеу нәтижелеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, ел тұрғындарының тамақтану рационында өсім байқалады. Статистика бойынша, бір айда жан басына шаққандағы орташа тұтыну көлемі картоп бойынша 3,8 келіні, 1-сұрыптағы бидай ұнынан пісірілген нан бойынша 2,4 келіні құрады. Ал ет өнімдеріне келер болсақ, әр қазақстандық айына орта есеппен 2,1 келі сиыр етін тұтынады.
Басқа да негізгі тауарлардың айлық көрсеткіші төмендегідей:
-
Алма – 1,6 кг;
-
Құмшекер – 1,5 кг;
-
Күріш – 1,4 кг;
-
Сүт және айран – тиісінше 1,1 литр және 1 литр;
-
Жұмыртқа – 17,6 дана;
-
Макарон өнімдері – 0,9 кг;
-
Балық – 0,8 кг;
-
Қара шай – 0,1 кг.
Айта кетейік, негізгі азық-түлік өнімдерін тұтыну деңгейі үй шаруашылығының бір мүшесіне шаққандағы орташа көлем ретінде есептелген. Бұл көрсеткіштер тұтынылған өнімдердің жалпы мөлшерін отбасы мүшелерінің санына бөлу арқылы анықталады.


