Елордада 28 сәуірден бастап оқушылар мен жеңілдігі бар азаматтар үшін LRT атаулы көлік картасын рәсімдеуге онлайн өтінім беру қызметі іске қосылады деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Атаулы картаны Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын 7-18 жас аралығындағы оқушылар, сондай-ақ заңнамаға сәйкес жеңілдік санатына жататын азаматтар ала алады. Өтінім беру тек онлайн форматта transcard.kz ресми сайты арқылы жүзеге асырылады. Картаны рәсімдеу үшін қажетті мәліметтерді толтырып, құжаттарды цифрлық нұсқада тіркеу қажет. Сондай-ақ пайдаланушы өзіне ыңғайлы алу пунктін (жақын маңдағы аудандық әкімдікті) таңдауы тиіс.
Картаны дайындау құны — 1200 теңге. Дайын болғаны туралы ақпарат пайдаланушының телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберіледі. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін қаланың 6 аудандық әкімдігінде карта беру орындары ұйымдастырылған.
Айта кетерлігі, бұл атаулы карта тек LRT жобасы аясында жүруге арналған және қалалық бағдарларға (автобустарға) жарамсыз. Ал өзге жолаушылар үшін көлік карталары мен бір реттік билеттер LRT іске қосылғаннан кейін стансаларда сатыла бастайды. Сонымен қатар кассаға бармай-ақ, турникеттен өтуге мүмкіндік беретін баламалы төлем тәсілдері де қарастырылып жатыр. Ол туралы алдағы уақытта қосымша хабарланады.
Еске салайық, Астанадағы LRT жобасының құрылысы мен оны іске қосу мерзімдері бұған дейін бірнеше рет талқыланған болатын. Қазіргі уақытта жобаны аяқтау және пайдалануға беру бойынша жұмыстар қарқынды жүріп жатыр.


