Қазақстан жасанды интеллект (ЖИ) және IT саласының білікті мамандары үшін елге кіру мен виза рәсімдеу тәртібін жеңілдетті деп хабарлайды sayasatlive.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Енді жасанды интеллект инженерлері, IT-архитекторлар мен бағдарламашылар визаны оңайлатылған тәртіппен ала алады. Сондай-ақ бұл тізімге денсаулық сақтау, инженерлік сала және креативті индустрияның білікті мамандары енді. Инвесторлар үшін құжаттарды қарау мерзімі қысқарып, инвестициялық жобаларды сүйемелдеудің жаңа жолдары қарастырылған.
Еске салайық, елімізде тұрақтап қалғысы келетін шетелдіктерге талап та күшейді. Енді олар қазақ тілінен емтихан тапсырып, арнайы цифрлық тексерістен өтуі тиіс.
































