Кім билейді: Министрдің биі және Мажарстандағы жаңа билік

Мажарстанда 16 жыл бойы мызғымай тұрған Виктор Орбан билігі ресми түрде құлады. Биылғы 12 сәуірде өткен парламент сайлауында оппозиция серкесі Петер Мадьяр бастаған «Тиса» партиясы жеңіске жетіп, еуропалық саясатта үлкен сілкініс жасады.

Фото: BBC

Халықтың бұл сайлауға деген белсенділігі бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Жұрттың жаппай дауыс беруінің арқасында оппозиция айқын басымдықпен алға шықты. Виктор Орбан жағдайды ушықтырмай, жеңілісін мойындап, қарсыласын құттықтауға мәжбүр болды. Бұл тек Мажарстан үшін емес, бүкіл Еуропа елдері үшін күтпеген саяси бұрылыс болды.

Орбан мен оның «Фидес» партиясы елді 16 жыл басқарды. Осы уақыт ішінде ол өзіндік бір қатаң жүйе құрып, Еуропалық Одақпен үнемі текетіресіп келді. Алайда кейінгі кездері елдегі қымбатшылық, жемқорлық даулары мен халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы жұрттың шыдамын тауысқан еді. Дәл осы кезде саясат сахнасынашықты. Ең қызығы, ол бұрын осы биліктің өз адамы болған, бірақ жүйеге қарсы шығып, қысқа уақыт ішінде миллиондаған халықты соңынан ерте білді. Оның бұл қадамы саясаттағы нағыз феноменге айналды.

Фото: BBC

Жаңа биліктің келуімен елдегі атмосфераның да күрт өзгергені байқалады. Жеңіс жарияланған сәтте желіде жаңа үкіметтің Денсаулық сақтау министрі болуы мүмкін деген танымал хирург Жолт Хегедюштің билеп жүрген видеосы тарады. Әлемдік басылымдар бұны Мажарстандағы жаңа еркіндіктің көрінісі деп бағалап жатыр. Қатаң режимнен шаршаған халыққа саясаткерлердің мұндай ашық әрі бейресми қылығы қатты ұнады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от The Guardian (@guardian)

Енді Петер Мадьяр елдегі демократияны қайта тірілтіп, Еуропалық Одақпен бұзылған қатынасты реттеуге кіріспек. Ол ең алдымен жемқорлықтың тамырына балта шабу үшін Еуропалық прокуратурамен бірлесіп жұмыс істеуге уәде берді. Одан бөлек, денсаулық сақтау мен білім саласына қыруар инвестиция тартып, Еуропа мен НАТО аясында сенімді серіктес болуды көздеп отыр.

Фото: Reuters, kepszerk.hu
Фото: Reuters, kepszerk.hu
Фото: Reuters, kepszerk.hu

Будапешт көшелеріндегі халықтың шаттығына қарап, елдің бұл өзгерісті ұзақ күткенін байқау қиын емес.

Ұқсас ақпараттар