Дарын Мубаров заңсыз уағыз айтқаны үшін қайта жауапқа тартылды

Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы діни материалдарды заңсыз таратқан Дарын Мубаровқа айыппұл салды, деп хабарлайды sayasatlive.kz.

Тексеріс барысында Мубаровтың діни мазмұндағы материалдарды заң талаптарын сақтамай таратқаны анықталды. Айта кету керек, ол бұған дейін де, дәлірек айтқанда 2025 жылдың қазан айында дәл осындай әрекеті үшін жауаптылыққа тартылған болатын. Осылайша, ол бір жыл ішінде заңды қайта белшесінен басып отыр.

Бұл факті бойынша мамандар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 490-бабы 8-бөлігіне сәйкес хаттама толтырды. Заңды қайталап бұзғаны үшін оған 200 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 865 000 теңге айыппұл салынды.

Еске салайық, Қазақстан заңнамасына сәйкес, кез келген діни мазмұндағы материалдар мен уағыздар тек белгіленген орындарда және тиісті рұқсатпен ғана таратылуы тиіс.

Ұқсас ақпараттар