Президенттің Жарлықтарымен дипломатиялық корпуста ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды sayasatlive.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Асет Исенали Корея Республикасындағы елші болып тағайындалды. Ол бұл лауазымда Нұрғали Арыстановты алмастырды.
Сонымен қатар Марғұлан Баймұхан Таиландтағы елші қызметіне қоса, Мьянма Одағы Республикасындағы елші міндетін қатар атқаратын болды.
































