Cloudwards сарапшылары әлем елдеріндегі интернет еркіндігі деңгейіне талдау жасап, жаңа рейтинг жариялады. Зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан Орталық Азияның кейбір елдеріне қарағанда шектеулері көп мемлекеттер қатарына енген деп хабарлайды sayasatlive.kz.
Аймақ бойынша интернет ең еркін ел болып 56 балл жинаған Тәжікстан танылды. Қырғызстан 52 балмен екінші орында тұрса, Қазақстан 36 балмен үшінші орынға жайғасты. Көршілес Өзбекстан мен Ауғанстан 24 балл, ал Түрікменстан 16 балл иеленген. Осылайша, еліміз цифрлық еркіндік бойынша аймақтық тізімнің орта тұсында тұр.
Рейтингті түзу кезінде сарапшылар VPN қызметтерін пайдалану мүмкіндігін, әлеуметтік желілердегі сөз бостандығын және түрлі ресурстардың қолжетімділігін негізге алған. Бағалау 0-ден 100-ге дейінгі шкаламен жүргізілді. Мамандардың айтуынша, балл неғұрлым жоғары болса, елдегі цифрлық кеңістік соғұрлым ашық деп есептеледі.
Әлемдік рейтингте Бельгия, Дания, Финляндия және Норвегия бастаған бірқатар еуропалық елдер 92 балмен көш бастап тұр. Ал ең төменгі көрсеткіш Солтүстік Кореяға (0 балл) тиесілі. Ресей, Қытай және Иран 4-ақ балл жинап, интернет ең қатты шектелген елдер қатарына кірді.
































