Жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды

Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған әйел ұсталды. Бұл туралы Tengrinews.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері 29 жастағы келіншекті сәбиді сату үстінде құрықтады. Мәліметтерге қарағанда, ол өзінің небәрі бірнеше күндік нәрестесін бөтен адамдарға ақшалай сыйақы үшін бермек болған.

Қазіргі таңда аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы («Кәмелетке толмағандарды саудалау») бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ал сәби облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Оның денсаулығы мен қауіпсіздігі мамандардың бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпараттар жарияланбайды.

Ұқсас ақпараттар