14 пен 18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер енді жазғы демалыста жұмыс істеу мүмкіндігін онлайн іздей алады. 2025 жылғы 20 мамырдан бастап Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) порталында «Менің жазғы демалысым» атты арнайы бөлім іске қосылды. Бұл туралы juzmedia.kz порталы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл бастама жасөспірімдерге еңбек дағдыларын дамытуға, алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға және жаз мезгілін тиімді өткізуге мүмкіндік береді.
Бөлім арқылы тіркеліп, жұмыс берушілер ұсынған бос орындарды көруге болады. Сонымен қатар, порталдағы қауіпсіздік шаралары мен ізденушілерге арналған функциялар туралы толық ақпарат «Білу маңызды» жобасында түсіндірілген.