Мамандардың болжамынша, биыл желтоқсанда Қазақстанның барлық өңірінде орташа ауа температурасы климаттық нормадан шамамен 2 градусқа жоғары болады, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Алайда бұл қыс жайлы өтеді деген сөз емес.

Еліміздің солтүстік-батысы, солтүстігі, солтүстік-шығысы мен орталығында жауын-шашын мөлшері нормадан асуы мүмкін. Бірқатар өңірде бұрқасын, қатты жел, тұман және көктайғақ күтіледі. Температураның құбылуына байланысты қар бетінде мұз қабыршағы да пайда болуы ықтимал.