Желіде тараған ақпарат бойынша, 31 қазанда Ташкенттегі қонақүйлердің бірінде таңғы ас ішкеннен кейін Қарағандыдан барған футболшылардың іші ауырып, дене қызуы көтерілген, деп хабарлайды Sayasatlive.kz.

Зардап шеккен балалардың ата-аналарының айтуынша, таңғы ас кезінде жұмыртқа жемеген сегіз бала ауырмаған.

Ташкенттегі дәрігер балалардың алдын ала диагнозын улану деп растаған. Алайда зертханалық талдау әлі жүргізілмегендіктен, аурудың нақты себебі белгісіз.

Қазақстан СІМ барлық көмекке мұқтаж азаматтар ауруханаға жатқызылып, қажетті медициналық көмек алып жатқанын хабарлады.