Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, 31 қазанға қараған түні Украина әскері Ресейдің Ростов облысындағы Каменск-Шахтинский қаласында орналасқан «Каменский комбинатына» соққы жасаған. Бұл кәсіпорында қатты отынды зымырандарға арналған отын өндіріледі, деп хабардайды Sayasatlive.kz.
Бас штабтың хабарлауынша, шабуыл кезінде Украина әскери-теңіз күштерінің соққы беретін дрондары мен «Нептун» зымыран кешендері қолданылған.
«Дайын өнім сақталатын қоймада өрт шыққан. Бұдан бөлек, өндірістік төрт цех бүлінді» делінген Украина қарулы күштері бас штабының хабарламасында.
Бас штабтың мәліметінше, кәсіпорын «Ураган», «Смерч» және «Торнадо-С» дүркіндете оқ ататын реактивті жүйелердің оқ-дәрілеріне, сондай-ақ басқа да зымыран кешендері мен авиациялық қару-жараққа қажетті қатты зымыран отынын өндіреді.

